Bugin

Владимир Седовтың отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан чемпионы Владимир Седовтың қазасына орай ауыр атлетика федерациясы марқұмның отбасына 5 млн теңге көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Владимир Седов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы.

«Ол бала кезінен қазақстандық спортқа берілген. 2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі санатта төртінші орын иеленді. Үздік жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Владимир Седов 35 жаста еді.

«ҚР Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына бес миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуде қажетті қолдау жасайды», - делінген хабарламада.

Федерация спорт ардагерлерін қолдау жөніндегі бағдарлама әзірлемек. Осылайша мұқтаж ауыр атлеттерге қажетті көмек көрсетіледі. Биыл осы бағдарлама бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға демеушілік қаражат есебінен 10 миллион теңге бөлінеді.

Еске сала кетейік, 27 маусымда ауыр атлет Владимир Седовтың ауылдағы өз үйінен өлі күйінде табылған еді.