Bugin
UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Ол америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтасады.
Бұған жейін Гастелум жартылай орта салмаққа қайта оралатынын айтқан. Ал промоушен басшылығы спортшының бұл шешімін мақұлдапты.
Келвин Гастелум 2019 жылы Исраэль Адесаньемен UFC-дің уақытша чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан. Бірақ төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Отандасымыз Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ рейтингінде 6-орында тұр.