Bugin
Павлодарда 26 маусымда жоғалып кеткен 83 жастағы қария өлі күйінде табылды.
«Туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сараптама өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бәлкім, оқыс жағдай болуы, ағаштан құлап кетуі немесе денсаулығы сыр беруі мүмкін. Нақты себебін білмейміз», – дейді Vita волонтерлері.
Қанатбек Жабықбаев күнде «Металлург» бағбаншылығына саяжайға барып жүрген. Алайда шамамен сағат кешкі алтыда телефон қоңырауына жауап бермеген соң, туыстары алаңдай бастаған.
Қарияны іздестіруге VITA еріктілері, полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету жасағы, туыстары, отбасы, достары мен белсенді тұрғындар жұмылды.