Bugin

Меккеде қажылықтағы төрт мыңнан астам адам ауруханаға түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Меккеде қажылыққа барған төрт мыңнан астам адам аурухана түсті. Мамандар бұған аптап ыстықтың себеп болғанын айтады.

 

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі адамдардың аурухана түсуіне қатты аптап ыстықтың себеп болғанын мәлімдеді.

Қажылыққа барушылар қолшатырлардың көлеңкесіне тығылып, бөтелкелермен суға шайынып амал еткен. Әсіресе Арафат күні ауа райы ыстық болып, температура 45 градустан асып кеткен. Бұл күні қажылар жел де, көлеңке де жоқ Арафат тауында болған.

Ел билігі он мыңдаған медицина қызметкерлерін қажылық орнына жіберді.