Bugin
Әлеуметтік желіде жол бермегені үшін көліктің әйнегін қиратып, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсеткен жігіттердің видеосы тарады. Бұл бейнежазбаны адвокат Тлеужан Кішкенебаев Instagram желісіне жариялаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бейнежазбада тоқтап тұрған көлікке жігіттер келіп, терезесін сындырады. Жүргізушінің тоқтатуын өтінгеніне қарамастан, оған қоқан-лоққы жасаған. Видеодан терезесі қираған көліктегі ер мен әйелдің "Артта бала бар" деп айқайлағанын естуге болады.
"Мынау не сұмдық? Жол бермеді екен деп соншалықты қатігездікке баруға бола ма? Мынау нағыз қылмыс! Бейнежазбаның жалғасы жоқ. Мүмкін жәбірленушіні көліктен түсіріп алып ұрып-соқты ма екен, әрі қарай белгісіз. Белгілі болғаны - көлікке зақым келген", - деп жазды адвокат.
Оның айтуынша, жәбірленуші арызданатын болса, кінәлілер ҚР Қылмыстық Кодекстің 293-бабымен жазаланады.
"ҚР Қылмыстық Кодексi
293-бап. Бұзақылық.
1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер – үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады" делінген адвокат жазбасында.
Видеоның толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.