Bugin
Әлеуметтік желіде көліктің Astana LRT бетон құрылымына соғылған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 29 маусымда таңғы сағат 06:04 шамасында болған.
"Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен "Арыс" көпірінде Қалдаяқова көшесіне қарай келе жатып, рөлді тізгіндей алмай, бетонға соғылған", - деді Полиция департаменті өкілдері.
Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Соққының күшіне қарағанда, көлік асқан жылдамдықпен келіп соғылған.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.