Bugin
Boxrec.com сайты маусым айының қорытындысы бойынша үздік қазақстандық боксшылар тізімінің жаңа нұсқасын жариялады.
Мамырдағы тізімдегідей, Жәнібек Әлімханұлы 4-ші орында тұр. Оның алдындағы үздік үштік мынандай: Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) және Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО).
Маусым айындағы үздік 10 боксшы тізімі жаңарғанда мынандай өзгеріс енді: Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) пен Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) орын алмасты, енді Руслан 7-ші орында, Жанқош 8-ші орында тұр.
Сондай-ақ, 9-шы орынға Евгений Павлов (10-0, 8 КО) көтеріліп, Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) 10-шы орынға ығысты.
Сонымен, жаңа үздік 10-дық былайша түзілген:
1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)
2. Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО)
3. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)
4. Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО)
5. Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО)
6. Али Ахмедов (19-1, 14 КО)
7. Руслан Мадиев (15-2, 6 КО)
8. Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО)
9. Евгений Павлов (10-0, 8 КО)
10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).