Bugin
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді. Бұл жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
"28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Меркі" теміржол өткізу пунктінде "Бішкек – Түрксіб" бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.