Bugin
Жетісу облысында Toyota Camry және Volvo ауыр жүк машинасы соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
30 маусымда Жаркент қаласында жол апатынан екі көлік жанып кетті. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты.
Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан жапон шетелдік көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Соққы жанармай багына келген.
"Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігінде ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") көзделген тергеу амалдары басталды" делінген хабарламада.