Bugin

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысында көлік бұзылғандықтан жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 208 шақырымында болған. Toyota Camry автокөлігі жол бойындағы металл қоршауға соққан. Шетелдік көліктің жүргізушісі 40 жастағы әйел рөлді басқара алмай қалған.    

Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Жарақат алған көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.    

"Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда" делінген хабарламада.