Bugin

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз" ,- деп жазды президент Twitter-дегі парақшасына.

Бүгін - ұлттық домбыра күні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.