Bugin

ULES жобасы 200 елді мекенде кездесу өткізеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде және олар өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн» деген болатын.

Осы тұста, 2023 жылдың наурыз айында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Алматы студенттерінің Альянсы «Ules» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жоба қалалық, ауылдық елді мекендерде жастарды шешім қабылдауға тартуға  және ілгерілетуге бағытталған.

Жоба аясында арнайы жасақталған мобильді топ еліміздің 200 елді мекенін аралап, жастармен кездесулер өткізуді бастады. 2023 жылғы 1 шілде күні «Face to face» кездесулері  бастау алып, алғашқы кездесу еліміздің жастары көп шоғырланған Алматы қаласында өткізілді. Кездесуде спикерлер жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттармен бөлісіп, алғашқы кездесу жастардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында брейн-ринг сайыс форматында өткізілді.

Жоба координаторы Тленчиева Шырын Мұратқызы жастарды жоба барысында бірлесе жұмыс жасауға шақыра отырып, жобаның маңыздылығына тоқталды:

«Жастарға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу кезінде жастардың әзірленетін шешімдер мен тәсілдер туралы, сондай-ақ жалпы алғанда қандай да бір проблемалардың болуына қатысты пікірі маңызды. Осыған байланысты жастардың қоғамдық талқылауға жүйелі және тұрақты қатысуын қамтамасыз ету қажет»  

Бұл іс-шара жастар арасында саяси және азаматтық белсенділік үлесін арттыру үшін жастардың жастар саясаты жайында ақпараттану және жастар саясатына белсенді қатысу  деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, жоба аясында жастарға арналған мемлекеттік жастар саясатының жұмыстарын насихаттау, атқарылып жатқан шаралардың маңызын түсіндіру, азаматтық және саяси белсенді тұлғалармен шағын кездесулер ұйымдастыру шаралары өткізіледі.

Шара аясында ауылдық және қалалық елді мекен жастарымен мобильді топтардың кездесулері ұйымдастырылады. Мобильді топ жастарға еліміздегі жастар саясаты туралы, жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат береді.

Жастар болашақта ulesqos.kz платформасына тіркелу арқылы өздерін жастар кеңесінің мүшелігіне ұсыну мүмкіндігіне ие болып, жастар саясатына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізе алады.