Bugin
Алматыда полиция ер адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Оқиға 30 маусымда болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес Байзақов көшесінің бойында ер адам оқ жарақатынан көз жұмған. Көп ұзамай полиция халықаралық іздеуде болған күдіктіні қамауға алған.
Полиция бұл деректі растады. Күдікті 1991 жылы туған.
"Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туылған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған" делінген ақпаратта.
Ал журналист Михаил Козачковтың мәліметіне сәйкес, күдікті 2009 жылы досымен бірге Сарқан қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіріп, мәйітін бөлшектеп тастаған. Кейін жергілікті полицейлердің бірін атып өлтіріп, екіншісін жарақаттаған.
"Қалаға полицияның 500-ден аса қызметкері жіберілді, Астанадан республикалық криминалдық полиция басшысы келді. Жігіттерді Талдықорған қаласынан келген жедел қызметкер Абзал Мүсірепов ұстады", – дейді ол.
Бұл жағдайдан кейін Абзал Мүсірепов мемлекеттік марапатқа ұсынылғанымен, марапатын алмапты. Себебі бұл үшін полицейден 4 мың доллар сұраған.