Bugin

Қазақстанда автонөмірлерді таңдауға арналған қызмет пайда болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда мемлекеттік автонөмірлерді таңдауға бағытталған қызмет пайда болуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Маған басқа да арналар арқылы қажетті нөмірлерге тапсырыс беруге болатыны туралы ақпарат келіп жатады. Бұл жағдаймен барынша таныспын. Сондықтан біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай функцияның көмегімен клиент кез келген әріптік нөмір белгілерін таңдай алады. Мысал ретінде алсам, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар”, - деді министр.

Сондай-ақ ол  мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің санын ұлғайтуды заңнамалық түрде бекіту қажет екенін атап өтті. Министр осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсетінін де қосты.