Bugin

Қызылордада суға кетіп, үш күн жоғалып кеткен студенттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 20 жастағы жас жігіттің денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 29 маусым күні сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданының 102-ші разъезд тұсында болды. Төтенше жағдайлар қызметіне сол аумақтағы Сырдария өзеніне 20 жастағы жігіт суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.

"Суға батқан адам 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұрғыны. Облыс орталығындағы "Болашақ" университетінің 2-курс студенті екені анықталды", - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің мамандары жұмыс атқарды. Нәтижесінде марқұмның денесі үш күннен кейін табылды.

Жыл басынан бері облыста 16 адам суға кеткен.