Bugin

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашқан - адвокат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massаget.kz сайтына сілтеме беріп.

Бұл туралы заңгер Анна Чернова хабарлады. 

"Біздің ісіміз бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен, онда оған бұлтартпау шарасы таңдалған, ол бөлім бастығының бақылауында болған. 

Оны кешеден бері таба алмай жатыр. BMW-мен кеткен. Оны көргендер болса, ол тергеуде екенін айта салыңыздаршы", - дейді заңгер.