Bugin

Қарағандыда мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аманат партиясының Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева жол апатына ұшырады. Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала зардап шекті.

Оқиға кеше, 2 шілдеде Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында, «Ботақара-Доскей» тасжолында болды.

Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде Аманат партиясының Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева болған.

«Қазіргі уақытта ол демалыста. Жүргізушінің тәжірибесі бар екені және көлік апаты кезінде мас болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция департаменті жол апаты фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлілер заңда көзделген жазаға тартылады», - деп хабарлады AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалынан.

Полиция департаментінен мәлімдегендей, 33 жастағы әйел жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малға соғылған. Осыдан кейін жүргізуші рульді басқара алмай, мотоциклді қағып кеткен. Онда 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала болған.

«Апат салдарынан жасөспірімдер жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі толық және объективті тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.