Bugin
Алматыда Медеуге апарар жолда мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында орын алған.
"Мотоцикл мен велосипедтің соқтығысуы салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Осы факт бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.