Bugin
Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жастағы қызды зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусымға қараған түні болған.
«Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Аталған жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағандары үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» делінген хабарламада.