Bugin

Қажылыққа барып, қамауға алынған 300-ден астам қазақстандықтың жағдайы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қажылыққа барған жүздеген қазақстандық қамауға алынды, себебі олардың визасы жарамсыз болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Сыртқы істер министрлігінің Джидда қаласындағы бас консул атына біздің азаматтарымыздан Сауд Арабиясындағы полиция бөлімінде қамауда екендігі туралы хабар түсті. Ол бойынша көмек көрсетілді. Ұсталған қажылардың барлығында қажылыққа жарамайтын туристік виза болған. Бас консул өз қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, оларды босатып, қонақ үйге орналастыруға көмектесті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясының аумағына жалған визамен 300-ден астам азамат барған. Барлық қажылардың орналасқан жерін бақылау мүмкін емес болмай тұр. Себебі, қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астам қажы бірнеше автобуспен өз бетінше кетіп қалған", - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұған дейін "Zam-Zam Qazaqstan" (заңды атауы – Zam Zam store) компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет дабыл қағып, мәлімдеме жарияланған болатын. Сонымен қатар, мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген", - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған компания өкілдері шариғат пен заңға қайшы әрекеттерін доғармай келеді.