Bugin
Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен депутат, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сілтеме жасап хабарлайды.
"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде", - делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.
Кеше Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені жайлы заңгердің хабарлағанын жазған едік.