Bugin

Депутаттың ұлы әскери бөлімнен қашты. Министр: "Офицерлер жазаға тартылады"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді.

«Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ өз еркімен кетіп қалған. Әскер – жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Аталған мәселеге қатысты тәрбиеден болған кемшілік деп санаймын», – деді Руслан Жақсылықов Үкімет кулуарында.

Министр депутаттың ұлын қандай жаза күтіп тұрғанын айтты.

«Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін», – деді министр.