Алматыда мопед жол апатына түсіп, 5 жасар қыз қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында балаларымен бірге мопед мінген ер адам дуалға соғылып, салдарынан 5 жасар қызы ес жимастан көз жұмды. 

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апаттың видеосы пайда болды. Кадрда алдына балаларын алған ер адамның мопед мініп бара жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Ол қатты жылдамдықпен темір қоршауға соғылады. Куәгерлердің айтуынша, мопедте жүргізушіден басқа екі ұлы мен қызы болған.

Алматы облысының полицейлері 2 шілде күні сағат 21:00 шамасында Қарасай ауданында, Жібек жолы ауданындағы көшелердің бірінде мопедті басқарып келе жатқан 42 жастағы ер адамның балаларымен жол апатына түскенін растады.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 5 жасар қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Алайда бүлдіршін ауруханада ес жимастан көз жұмды", - деді полиция.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61