Bugin

Илон Маск тағы да ең бай адамдар рейтингінің көшін бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық бизнесмен Илон Маск Bloomberg индексі бойынша әлемдегі ең бай 500 адамның рейтингін қайта бастады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Әлемдегі ең бай 500 адам бірігіп, бірінші жартыжылдықта 852 миллиард доллар табыс тапты.

Басылымның мәліметінше, миллиардердің байлығы 234 миллиард долларды құрайды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Масктың байлығы 96,6 миллиард долларға өскен.

Рейтингтегі екінші орынды 200 миллиард доллар байлығымен француздық LVMH сәнді тауарлар өндірушісі Бернар Арно иеленді. Үшінші орында 154 миллиард доллармен Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр.

Әлемдегі ең бай 500 адам бірінші жартыжылдықта 852 миллиард доллар табыс тапты.