Bugin
Жапониядағы Хоккайдо аралында, Саппоро қаласындағы қонақүйден ер адамның басы жоқ өлі денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Жапониядағы жергілікті полицейлер жәбірленушінің бөлмесіне кірген ер адамды іздестіру үстінде.
Тіпті, жәбірленушінің киімдері де жоқ болып шықты. Полицейлердің пайымдауынша, қылмыскер мәйітті танымас үшін басын, киімін алып кеткен болуы мүмкін.
Сол себепті, жексенбі күні табылған мәйіттің кім екені әлі белгісіз.
Қонақүй камераларына номерге 1 шілде, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:50 шамасында екі адамның кіргені түсіп қалған. Ал жексенбі күні түнгі сағат 2-де бөлмеден бір адам ғана чемоданмен шыққан.
Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленушінің өліміне геморрагиялық шок себеп болған, қайтыс болғаннан кейін оның басы кесілген. Полиция ер адам ванна бөлмесінде өлтірілді деп күдіктенеді.