Bugin

Алматыдан 512 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен сағат 08.08-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 512 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасты.

  • Энергетикалық санаты – 10.7.
  • MPV магнитудасы – 4,9.
  • Тереңдігі — 10 км.
  • Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.