Bugin
Депутат Дәулет Тұрлыханов ресми парақшасында ұлына қатысты өз пікірін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жазбада соңғы 5 айда ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты көп ақпараттың шығып жатқанын, болған оқиғаны қайта-қайта жариялай берудің қажеті жоқ екендігі баяндалған.
Әрі бұл ақпараттардың ұлына кері әсерін тигізіп жатқандығын жазған Дәулет Тұрлыханов барлығы заң алдында шешімін табатынын алға тартады.
Сонымен қатар Дәулет Тұрлыханов "Бүгінгі күндегі абыройым - орасан еңбектің арқасында келген. Ал менің ұлыммен болған бір ғана жағдай – халық алдындағы абыройымды түсіре алмайды. Қоғамды дүрліктіріп, ақпарат таратып жүргендер осыны түсінсе екен деймін"- деп өз ойын жеткізеді.