Bugin

Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлын тағы бір мәртебесінен айырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Заңға сәйкес, бұдан былай президент Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғағры қамқоршылық кеңесінің, Назарбаев Университетінің және Назарбаев Қорының басшысы болады.

Сондай-ақ, жаңа заңда президент тағайындаған Қазақстан азаматы да жоғарғы кеңестің төрағасы бола алады делінген. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.

Бұдан басқа, құжат тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды НЗМ-де оқытуға ақы төлеуге арналған "Өркен" білім беру грантын енді Тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.