Bugin

"Әділетті баға беруіміз керек": Тоқаев форумда Назарбаев туралы сөз етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астананың 25 жылдығы егіз қалалардың мерейтойлық форумында сөз сөйледі.

«Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек», - деді ол.

Тоқаев атағандай, Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек.

«Бұл – еліміздің болашағына тікелей қатысы бар мәселе. Елорданың заманауи келбетін қалыптастыруға Кисё Курокава, Норман Фостер, Ренато Аркетти, Манфреди Николетти сияқты әлемге әйгілі сәулетшілер атсалысты. «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Хан шатыр» кешені және басқа да бірегей нысандар қаланың көркін аша түсті. Бас қаламыз «Астана опера», «Астана балет» сияқты өнер ордалары арқылы бүкіл әлемге мәдени орталық ретінде танылды. Жаңа елорда Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне тың серпін берді», - деді Мемлекет басшысы.