Bugin

Алматыда таксист шетелден келген туристен 60 мың теңге талап еткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тан келген мейман, Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы Джоэл Эриксон Қазақстанда алаяқ, өз ісіне адал емес таксистерге тап болғанын айтты.

Джоэл Эриксон Астанада өткен Бауырлас қалалар форумына келген.

«Такси жүргізушісі мені алдамақ болды, яғни автокөлікпен тасымалдау қызметіне тым көп ақша алғысы келді. Олар шетелдік екенімді біледі. Алматыға алғаш келгенімде, әуежайдан орталыққа жеткізу үшін олар 60 мың теңге алғысы келді. Әрине, бұл соманы төлеуден бас тарттым. Бірақ таксистің бұл пиғылы дұрыс болмады», - деді Джоэл Эриксон.

Оның пайымынша, Қазақстанда таксиге тапсырыс беретін арнаулы қосымшаларды көптеп енгізу керек.

«Атап айтқанда, Қазақстанда «Яндекске» ұқсас отандық қосымшаны дамыту керек. Егер сіздерде мұндай ауқымды отандық қызмет іске қосылса, ақшаның бір бөлігі Ресейге кетпей, осында қалар еді. Бұл тұрғыда осыдан келген табысты инвестиция ретінде игеруге болады», - деді ол.