Bugin
Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқалары табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәйіттер табылған маңда зират болмағандықтан, олардың жерленгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. "Кеше сағат 14:30-да Қостанай жылу электр компаниясы қызметкерлерінен хабарлама келіп түсті. Құбырларды ауыстыру кезінде екі адамның сүйегі табылған. Олардың жеке басын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сарапшылардың айтуы бойынша, бір айда адамдардың қайтыс болу мерзімі анықталады.
Қостанай жылу электр компаниясы қызметкерлерінен хабарлама бүгін де түсті. Алдында табылған қаңқаларға жақын жерде тағы бір адамның сүйегі анықталды. Фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Толық ақпаратты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде жариялай алмаймыз» - деді полицияның оңтүстік бөлімінің аға тергеушісі Жасын Сардаров.
«Олардың жеке басын анықтау облыс бойынша із-түзсіз жоғалғандардың тізімін тексеру арқылы анықталады. Бірақ барлық мәліметтер сараптамадан кейін ғана жарияланады.
Сараптама қорытындысы бойынша олардың қайтыс болу мерзімі де белгілі болады», - деп түйіндеді Ж.Сардаров.