Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comжыл басталғалы СҚО-ның 35 тұрғынының атына алаяқтар несие рәсімдеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция бөлімшесінің мәліметі бойынша, сәуір айында Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны микроқаржы ұйымдарынан несиелер бойынша берешекті өтеу керектігі туралы хабарлама ала бастады. Белгісіз тұлға оның атына 100 мың теңгеден екі қарыз рәсімдегені анықталды. Хабарламалардан кейін, бойжеткен қыз бірден полиция қызметкерлеріне жүгінеді.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығы Марат Жұмалиев туындап жатқан алаяқтық туралы:
"Тағы да адамдарға өздерінің құпия деректеріне, құрылғылардың құпия сөздеріне, банк карталарына кіру кодтарына, соның ішінде SMS арқылы келетін бір реттік кодтарға, сондай-ақ банк карталарының артқы жағындағы cvv кодтарына ешкімге бермеуді сұраймыз. Бұл деректерді интернет алаяқтар пайдалана алады. Жыл басынан бері облыста барлығы 342 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 35-і басқа тұлғаға несие ресімдеу арқылы. Барлық жағдайда дерлік күдіктілер мобильді құрылғыларға және жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізе алды", – дейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61