Bugin
Бүгін Абай облысындаға табиғи өртті жоюға қатысқандарды мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Өртке қатысқан 22 адам мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның ішінде ҚР ТЖМ-нің 14 қызметкері бар.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев өрт сөндірушілерге, Қазавиақұтқару ұшқышына, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне, еріктілерге мемлекеттік наградаларды табыс етті.
«Шынында да, отқа қарсы күреске қатысқандардың барлығы – нағыз батырлар, осы залдан тыс қалғандардың баршасы өз басшыларының ведомстволық наградаларымен марапатталатын болады. Айта кету керек, өртті жоюға қатысқандардың бәрі ақшалай сыйлықпен марапатталады. Құрметті әріптестер, өртті жоюға белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық пен амандық, Қазақстанымыздың игілігі үшін жұмыста жаңа табыстар тілеймін!», - деп атап өтті вице-министр.