Алматыда жол жүру ақысы өсуі мүмкін. «Ашық» НҚА порталында осындай ұсыныс жазылған әкімдік қаулысы жарияланды. "Жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе көлік картасы арқылы немесе мобайл қолданба арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге" - деп жазылған әкімдік қаулы жобасында. Қазір Алматыда жол жүру құны мобайл қолданбалар мен арнайы карта арқылы төлейтіндер үшін – 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлейтіндерге – 150 теңге.