Bugin

Астана күні елордада өтетін мәдени іс-шаралар тізімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 6 шілде - Астана күні. Мерекеге орай өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынамыз, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

10.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Бозоқ» археологиялық ескерткіші аумағында далалық семинар өткізеді.

10.00-де «Қазанат» ипподромында Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді.

11.00-де Астана қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Астана-мәдениет керуені» әскери оркестрлердің І Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де «Бейжің сарайы Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінде «Инсульт мектебі-2023» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

16.00-де Орталық саябақтың автотұрағында қалалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді.

18.00-де ЭКСПО аумағында Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Open Air» мерекелік концерті өтеді.

18.00-де «Астана опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылады.

19.00-де «Номад сити холл» театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық драмасы сахналанады.