Bugin
8 жылға бас бостандығынан айрылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елорда сотына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.
Мәліметтер бойынша, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермелеу күдігіне ілініп отыр.
Еске салайық, антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып таққан болатын.