Спорт
Орнын кім басар екен?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Челси» командасы жалға алған «Ювентус» сұрмергені Гонсало Игуаин Аргентина ұлттық құрамасының сапынан кететіні мәлімдеді, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
«Ұлттық құрамадағы менің уақытым бітті. Мен Лионель Скалонимен сөйлесіп, өз позициямды түсіндірдім. Шешім қабылдадым және оны дұрыс деп ойлаймын. Ендігі жерде бос уақытымда рахаттанып, оны отбасыммен өткізгім келеді», — деген ойыншының сөздерін Fox Sports жеткізеді.
Айта кетейік, Аргентина құрамасының сапында Игуаин 75 ойын ойнап, 31 гол соғып, 13 рет нәтижелі пас берген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61