Bugin

6 шілде – Астана күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.

1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі.

Әуелі Астана күні 10 маусымда тойланатын. Өйткені, 1998 жылы дәл осы күні жаңа астананы ресми таныстыру шарасы өткен болатын. 2008 жылы «Мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізілді де, ресми мереке ретінде аталып өтетін дата Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне ауыстырылды.

2019 жылы 20 наурызда Президент өкілеттігін қабылдап алған Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс көтеріп, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қала Нұр-Сұлтан атауын 2022 жылдың 17 қыркүйегіне дейін иемденді. Өйткені, осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.