Bugin
Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.
"Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы", - делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
Ескерте кетсек, бүгін Қазақстанның экс-президенті 83 жасқа толды.