Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында орын алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптардың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.
– Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды, – деді департаментте.
Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда ажал құшқан.
ТЖ департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61