Bugin

Түркістан облысында кафе жұмысшылары мен тұтынушылар сушиден уланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы дәмханада жаппай улануға қатысты тергеудің алғашқы қорытындысы шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы  "Отырар" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеудің алғашқы нәтижесі "Ризик Рауана" дәмханасында ұсынылатын қуырылған тауық етінде сальмонеллез қоздырғышы бар екендігі көрсетілген.

Фаст-фуд кафелері қызметкерлерінің денесінен де өмірге қауіп төндіретін бактериялар табылған. Алты қызметкерде алтын стафилококк ауруы анықталды, олардың барлығы уланған адамдарға қызмет көрсетті.

Қазір оларды дәрігерлер бақылап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Науқастардың көпшілігі кәмелетке толмағандар. Шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет еткендердің арасында үш жүкті әйел бар. Зардап шеккендердің көпшілігі қазірдің өзінде үйлеріне шығарылды. Дегенмен, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында.