Bugin

БҚО-да 21 жастағы жігіттің өлі денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Батыс Қазақстан облысында 21 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 5 шілде күні кешкісін Бәйтерек ауданы Асан ауылында болды.

«Сағат 19.54-те «Ранчо» кафесі тұсында Шаған өзенінен 21 жастағы жігіттің денесі шығарылды. Оның досының сөзіне қарағанда, жігіт сағат 18.35-те шомылуға жабдықталмаған жерден түсіп, суға батып кеткен. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. БҚО ТЖ департаменті алдағы демалыс күндерінің қатты ыстық болатындығын ескере отырып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жабдықталмаған жерден түспеу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», делінген БҚО ТЖ департаменті хабарламасында. 

Биыл өңірде 2 адам суға кеткен, оның біреуі – жасөспірім. 6 адам құтқарылса, соның бесеуі – балалар.