Bugin

Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар тоқтайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласында бүгіннен бастап бір аптаға жуық уақыт бойы трамвай жүрмейді.

6 шілдеден бастап қаладағы жөндеу жұмыстарына байланысты қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының трамвай қозғалысы тоқтатылады.  

Трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, тасымалдаушылар «Қазақстан» көшесінің бойымен жүретін №26, Абай даңғылында жүретін №67 және №6 автобустарының санын арттырмақ.