Weekend

Неге біздің әлеуметтік қоғамның құқықтық сауаты аз?

Құқықтық сауаттылық заман талабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біздегі қарапайым адамдар өз құқықтарын толыққанды  қорғай алмайды. Өздеріне, адамға қатысты заңдарды жеткілікті дәрежеде біліп оны пайдалана алмайды.
Неге біздің әлеуметтік қоғамның құқықтық сауаты аз? !

Әуелі құқықтық суаттылық дегеніміз не?  Ол сіздің  ата заңымызда жазылғандай өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастырған елде бостандығыңызды пайдалана отырып, өзіңіз қазынасы болып табылатын заңның шеңберінен шықпай толық хақылық жүйемен өмір сүруіңіз. Оның бұзылмауына да өзіңіз жауаптысыз. 

Мысалы, көптеген әлеуметтік мәселелерді алып қарайтын болсақ барлығы сол құқықтық сауатсыздықтың кесірінен болып жатқан жағдайлар. Әлеуметтік шеңберден тыс та жалпы қоғамымызда тілдік, ұлттық хақылық жүйемізді әлсіретіп алғанбыз. Бұл да осы таяқтың бір ұшы. Міне, осындай қателіктерге басқаны кінәламай әрбір адам өзінің әлі де дамымаған құқықтық мәдениетін, заңдық тұрғыдағы білімін жетілдірсе құба-құп болар еді? Ал, заңды білу әрбір адамға өз құқығын қорғауға мүмкіндік береді.