Bugin

Жамбылдық аспаз өзінің қайтыс болғанын кездейсоқ білді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында аспазшы кездейсоқ екі үлкен үйі, бір гектар жері, қосалқы шаруашылықтары бар әйелге айналды. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңалыққа Жамбылдық аспаз қуанып үлгермеді. Белгілі болғандай, барлық мүлік таратылып, сатылып кеткен. Ал өзі құжаттарға сәйкес өлі болып шыққан.

53 жастағы Любовь Крылова өзінің сансыз байлығы мен кенеттен қайтыс болғаны туралы кездейсоқ білген. Ол тек ХҚКО-дан жылжымайтын мүлік туралы анықтама алғанын айтады. Алты айдан бері әйел кімнің мұрагері екенін және оны кім жерлегенін анықтай алмай жүр.

Любовь Крылованың айтуынша, ол құжаттарға сәйкес, бұл үйге 1997 жылдан 2001 жылға дейін иелік етіп келген. Ол қайтыс болғаннан кейін үй Гүлзада деген азаматшаға берілген. 

Әйел 20 жылдан бері тұрғын үйге кезекке тұруға тырысқанымен, бірақ оған үнемі әкімдіктегілер бас тартып келген. Құжаттар бойынша барлық жылжымайтын мүлік Тараздан 20 шақырым жерде орналасқан.

Шенеуніктер 25 жыл бұрын базаға қателіктер жіберілгенін мойындады. Мұраны оның аттасы алған. Кейін ол қайтыс болып, мүлік сатылып кеткен. 

"Құжаттарға сәйкес, Крылова Любовь Григорьевна ата-анасы қайтыс болғаннан кейін мұраның иесі болған. Азамат Крылова Любовь Николаевнаның мүлікке ешқандай қатысы жоқ. Бұл адами факторға байланысты болған. Әкесінің аты шатасып кеткен, дерекқорға қате деректер енгізілді", – деп түсіндірді Байзақ ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" МК бөлімінің басшысы Рысдәулет Оман.