Bugin
Павлодарда толассыз жауған жаңбыр мен қатты желден жарық сөніп, 5 бағдаршам жұмыс істемей тұр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі таңда Павлодар қаласында 5 бағдаршам жұмыс істемейді. Апатты жоюмен 2 бригада айналысып жатыр.
Құлаған ағаштарды жинау жұмысына 3 бригада мен 3 мамандандырылған техника жұмылдырылған. Қалада жаңбыр суын соруға 10-нан астам арнайы техника жұмыс жасап жатыр.
"Сонымен қатар қазіргі уақытта 5 237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды: жеке тұлғалар - 4 986, заңды тұлғалар - 251", - деп хабарлады Павлодар әкімдігі.