Bugin
Павлодарда "Артур" сауда үйінің шатыры опырылып, екі адам соның астында қалып кеткен.
Оқыс оқиға бүгін түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түскен.
Павлодар қалалық ауруханасының баспасөз қызметі оқиғадан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді. Екі ер адамның да жай-күйі бірқалыпты. 1971 жылғы ер адам ашық бассүйек-ми жарақатын алған. 1975 жылы туған ер адамда политравма болған. Жағдайы тұрақты ауыр, оң аяғының сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.