Bugin

Щучинск қаласында жел үйлердің шатырын ұшырып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысының Бурабай ауданында нөсер жауын мен желдің салдарынан көпқабатты үйдің шатыры ұшып, әйнектері сынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бүгін 7 шілде сағат 16.44-те Бурабай ауданының Щучинск қаласында қатты екпінді жел Ломоносов көшесі, 22 мекенжайындағы бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті. Интернациональная, 59 көшесіндегі үйдің жанында 8 пәтер мен балконның әйнегі сынды. Адамдар арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ" делінген Бурабай ауданы әкімдігінің  мәлімдемесінде.

Қаланың бүкіл қызметтері төтенше жағдай салдарымен жұмыс істеп жатыр. Бұл іске 14 адам және 4 техника жұмылдырылған.