Bugin
Астраномдар 8 және 9 шілдеде геомагниттік соққы болатынын мәлімдеді.
Магниттік дауылдың денсаулыққа кері әсері тиюі мүмкін. 5 баллдық шкала "күшті дауыл" болып есептеледі. Мамандар бұл күні барынша сақтанып жүруге шақырады. Магниттік дауыл құбылыстарының салдары қарт адамдарға, созылмалы науқастарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге тез әсер етеді.
Мамандардың зерттеуі бойынша, жаздың ортасында геомагниттік алаңдағы күндер: 8-9, 12-16, 18-19, 26, 30-31 шілдені қамтиды.
G2 санатындағы магниттік дауылдар энергожүйедегі қысымның әлсіреуімен сипатталады. Метеосезімтал адамдар бұл күндерді ерекше сезінетін болады. Оларда келесідей симптомдар болуы мүмкін: әлсіреу, ұйқы басу, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің әр түрлі болуы, ашулану, бас ауыруы, бас айналу, сүйек қақсауы т.с.с.
Мамандар дауылдың жағымсыз әсерін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстануға, көп су ішуге шақырады.