Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісу облысында көліктің дөңгелегінің жарылуы адам өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 192-шақырымында рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып кетті. Оқиға орнында 20 жастағы жолаушы қыз көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Сарыөзек ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талапқа сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61